Жаңалықтар тізбегі
0

«Сізге сахнаға шығу керек»: Бішкек тұрғыны әлеуметтік желіні жаулап жатыр

микрофон, вокал, әнші, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2022 14:58 Сурет: pixabay
Күні кеше Бішкектегі «Ынтымақ» саябағында жергілікті тұрғын америкалық әнші Уитни Хьюстонның хит әнін орындады. Бегім Тұрысбекованың өнері әлеуметтік желі қолданушыларын таңдандырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғын басындағы орамалымен сахнаға шығып, атақты әншінің бәріне белгілі әнін қысылмай орындап шыққан. Желі қолданушылары әйелдің бұл өнеріне тәнті болып жатыр.

Бегім Тұрысбекова да бәріне алғысын білдірді.

Бұлай болады деп ешқашан ойламадым. Қолдауларыңыз үшін барлығыңызға рақмет! Бәріңізді жақсы көремін, — деп жазды Бегім Тұрысбекова өзінің Instagram-дағы парақшасына.

Әлуметтік желідегі тыңдарман Бішкек тұрғынына жылы лебізін білдірді.

  • Жоғалмаңыз, бізді хиттермен қуантыңыз;

  • Сізді үлкен сахнада жұлдыз ретінде көретініме сенемін;

  • Мен күні бойы тыңдадым. Керемет дауыс!

  • Тамаша дауыс! Қандай керемет қойылым? Сіз бұрын вокалмен айналыстыңыз ба? Мен құдды америкалық таланттар шоуын көргендеймін;

  • Көрермендердің реакциясынан біздің қоғамда шығармашылық, сұлулық, музыка жетіспейтінін көруге болады! Жарайсың! Сізде керемет талант бар!

  • Браво! Халық арасында әлі ашылмаған таланттар қаншама!?

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: