Санитария дәрігерлері энергетикалық сусындарда консервант артқанын анықтады

энергетикалық сусын Сурет: pexels
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті энергетикалық сусындардың құрамын тексеріп, пайдалы кеңестер айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Департамент дәрігерлері энергетикалық сусынды әсіресе жүктілік кезінде ішпеу қажет екенін айтып отыр.

Жүкті кезде құрамында натрий бензоаты бар тағамдар мен сусындарды қолдану ұсынылмайды. Өйткені бұл зат аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін. Кейбір адамдарда консерванттың артық болуы дененің кей бөлігі қышу, жөтел, қызару, бөртпе, ісіну сияқты жеңіл белгілерді тудыруы мүмкін, – дейді мамандар.

Себебі энергетикалық сусынның құрамындағы натрий бензоаты организмде жиналуы мүмкін. Бұл қауіпті. Әсіресе жасөспірімдерге ерекше әсері бар.

Еске сала кетейік, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ҚР заңының 6-бабына сай, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тұтынушыларды адам денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін тамақ өнімдерінің анықталғаны туралы хабардар етуге құқылы.

Санитариялық эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының сауда желісінде сатылатын өнімдердің қауіпсіздігін мониторингтеу қорытындысы бойынша алкогольсіз энергетикалық газдалған сусындардағы натрий бензоатының (Е211) артқанын анықтады.

Азық-түлікті ұзақ уақыт сақтау үшін тағамдық қоспалар консерванттар ретінде қолданылады. Енді бұл өнімдер партиясы сатылымнан шығарылды. Ал жеткізушіге ішімдіктерді сату айналымынан алып тастау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз