«Қазақстан барысы»-2022: Ақтық кезеңде бақ сынайтын балуандар есімі жарияланды

Ұлттық спорт Сурет: Instagram/qazaqkuresi.kz
3 шілдеде Астана күніне орай "Барыс-Арена" мұз сарайында қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" ХІ республикалық турнирі өтеді. 2021 жылдың жеңімпазы Дәурен Нұралинов жарақатына байланысты турниге қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәстүрлі турнир елімізде ұлттық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өту, қала күнін мерекелеу және балалар жылы аясында жастарды ұлттық спортпен шұғылдануға тарту, олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсаттарын жүзеге асырады.  Жарыс ережесіне сәйкес сәуір-мамыр айларында ауыл, аудан, облыстық (қалалық) деңгейдегі және күштік құрылымдар желісі арасында іріктеу жарыстарына 5 мыңға жуық спортшы қатысты.

Ұлттық спорт

Сурет: Instagram/qazaqkuresi.kz

Ақтық сынға жолдама алған 36 балуанның ішінде осыған дейін жеңіс тұғырынан көрінген Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбаевтар бар. 2021 жылдың жеңімпазы Дәурен Нұралинов жарақатына байланысты турниге қатыспайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, екі дүркін "Қазақстан Барысы" атанған Айбек Нұғымаров спорттық жолын аяқтағанын ресми түрде  жариялады.

Турнирді ҚР мәдениет және спорт министрілігі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Qazaq kuresi Ассоциациясы мен "Qazaqstan Barysy" қоры ұйымдастырады.  

Қазақ күресі ережесіне енгізілген өзгертулерге байланысты биылғы турнир "БҮК" ұпайынсыз өтеді. 

Әлеуметтік желі

Сурет: Instagram/qazaqkuresi.kz

«Қазақстан Барысы» турнирінің жүлде қоры әдеттегідей, жеңімпаз балуанға 25 000 000 теңге және алтын белбеу мен ауыспалы алтын «тайтұяқ» табысталады. Екінші орынға 5 500 000 және үшінші орынға 1 800 000 теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз