Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына қатысты қандай дайындық жүргізіліп жатыр

Мемлекеттік комиссия отырысы Сурет: akorda.kz
ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен қазақ ағартушысы, ғалым, ақын, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиында жыл басынан бері мерейтойды өткізу аясында бірқатар маңызды ғылыми-зерттеу, ағартушылық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілгені атап өтілді, делінген Ақорда хабарламасында.

Ерлан Қарин Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттауға бағытталған халықаралық, республикалық, өңірлік іс-шараларды жыл соңына дейін жоғары деңгейде өткізу қажеттігін атап өтті. Алматыда ғалымға ескерткіш орнату жоспарланған. Оның 12 томдық толық шығармалар жинағы басылымға дайындалып жатыр. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде және ТҮРКСОЙ аясында іс-шаралар өткізу көзделген. ТҮРКСОЙ ұйымы жыл сайын көрнекті түркітанушы ғалымдарға берілетін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгі тағайындау туралы шешім қабылдады.

Мемлекеттік комиссия отырысы

Сурет: akorda.kz

Отырыста Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.

Aғартушының Қостанай облысындағы туған жерінде ғылыми-реставрация жұмыстары ұйымдастырылып қана қоймай, бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып жатқанын ерекше айту керек.

Комиссия отырысын қорытындылай келе, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында алдағы кезеңге жоспарланған іс-шаралардың сапалы өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз