Қызылордада конго-қырым безгегінен төрт адам қайтыс болды

Қызылорда, қырым-конго безгегі Сурет: pixabay
Табиғат аясында демалу кезінде мамандар кенеден қорғайтын арнайы репелленттерді қолдануға, сондай-ақ ақ түсті киім киюге кеңес берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл індет қазір Қызылорда облысында белең алды. Марқұмдар жасы 30-дан асқан үш ер адам және 11-сынып оқушысы, деп мәлімдеді КТК.

Адам өлімі Жалағаш, Шиелі аудандарында және облыс орталығының өзінде тіркелді. Сондай-ақ қауіпті диагнозбен ауырған облыстың тағы 10 тұрғыны қазір емделіп жатыр. Ал сырқат адамдармен байланыста болған 211 адам бақылауға алынды.

Биылғы жазда кене шағу фактісі үш есеге артты. Вирустың таралу картасы да өсіп келеді. Бұл ретте санитарлық эпидемиологтар барлық дезинфекциялық шаралар жүргізілгенін айтты.

Науқастармен байланыста болғандар – 211 адам дәрігерлердің бақылауына алынды. Олардың арасында науқас табылған жоқ. Барлық ошақтарда энтомологиялық зерттеулер мен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Қызылорда облысы бойынша СЭБД қоғаммен байланыс маманы Айман Жанахаева

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мал шаруашылығымен, егін шаруашылығымен айналысатын облыс тұрғындарына арнайы киім мен қолғаппен жұмыс істеуге шақыртты. Мамандар кене шаққан жағдайда, өз бетімен ем қабылдауға болмайтынын ескертті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз