Маймыл шешегі: Вирусқа қарсы екпе тапшы

Зертханадағы жайт Сурет: pixabay
АҚШ-та маймыл шешегінің таралуына байланысты төтенше жағдай жариялануы мүмкін. Бұл мәселе бірнеше күннен бері Ақ үйде қызу талқыланып жатыр деп, хабарлайды Zakon.kz.

Себебі, кеселді жұқтырғандардың қатары қазірдің өзінде төрт мыңға жуықтаған.

Маймыл шешегі ауруы шыққалы дәрігерлерден маза кетті. Бірнеше күннен бері індетке қарсы екпе салып жатыр. Бірақ, қарқыны шабан. Себебі, вакцина қат, деп жазады qazaqstan.tv.

Өткен дүйсенбіде біздің ғимараттың маңында 200-ден астам адам тұрды. Ал қолымызда тек 100 доза вакцина ғана болды. Бізге көп адам келді, таңмен таласа кезекке тұрды. Өкінішке қарай, кейбірін қайтаруға тура келді, өйткені екпе жетпейді. Кара Истман, Чикаго коммерциялық емес тест желісінің жетекшісі

Бүгін де сондай ұзын сонар кезек. Көбі ер кісілер. ДДҰ мәліметі бойынша вирусты жұқтыратындардың да басым бөлігі ерлер. Оның ішінде негізінен қызтекелер. АҚШ билігінің ақпаратына қарағанда, мұндай тәуекел топтағы тұрғындардың саны кемі бір жарым миллион.

Бұл, әрине, гейлердің ауруы сияқты көрсетіліп жатыр. Біз мұндайды бұрын да бастан өткердік. Өкінішке орай, үкімет тарапынан вакцина шығару, қосымша ақпарат беру әрекеті көрінбейді. Осы жерде кезек күтіп тұрғаныма біраз болды. Бізге енді бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қолды жуу және қырағы болудан басқа амал жоқ. Дэвид Грант, Чикаго тұрғыны

Маймыл шешегі вирусының таралу қарқыны бойынша АҚШ қазір әлемде көш бастап тұр. Енді оны тоқтату қиын болмақ дейді елдің денсаулық сақтау мамандары. Тіпті, ересектерді айтпағанда, өткен жұмада қауіпті вирус екі баладан анықталған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз