140 адам суға кетті: Әлихан Смайылов шара қолдануды тапсырды

ҚР премьер-министрі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Экология министрлігі, су, суға батқан адамдар Сурет: unsplash
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов үкімет отырысында Төтенше жағдайлар және Экология министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейбіт күнде азаматтарымыздың өзен-суға батып бара жатқанына қарап отырмау керек. Қазір шомылу маусымының қызған шағы. 1 маусымнан бері елімізде 140 адам суға кеткен, оның 49-ы балалар. Былтырмен салыстырғанда, адамдардың суға батуы 42 процентке қысқарған. Сонда да «бұл көрсеткіш өте жоғары» деп санаймын. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайылов

Су қателікті кешірмейтінін айтқан үкімет басшысы ел азаматтары балалар қауіпсіздігіне сақ болуы, ал үкімет қайғылы жағдайларға жол бермеуі үшін шара қабылдауы керек екенін ескертті.

Төтенше жағдайлар және Экология министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді, ондағы құтқарушылардың болуын бақылауды тапсырамын. Әлихан Смайылов

Сондай-ақ, премьер-министр халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізіп, суға түсуге болмайтын жерлерді анық белгілеуді тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз