Той-томалаққа жұмсалған мемлекеттік гранттар қазынаға қайтарылады

жымқырған ақша мен той томалаққа жұмсалған ақша қайтарылады Сурет: Zakon.kz
Шымкенттік тұрғындар мемлекеттік гранттарды бизнес бастауға емес, той мен құдалық өткізіп, қыз ұзатуға жұмсаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тіпті арасында несиелерін жапқандары да бар. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова айтты.

Оның сөзінше 1 млн 225 мың теңге көлеміндегі ақша бір кәсіпті ашып, бірнеше азаматтарды жұмыспен қамту үшін қарастырылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал пысықай қала тұрғындары қомақты қаражатты оңды солды жарата берген. Тіпті әр үш ай сайын есеп беріп тұру керек екенін де ұмыт қалдырған.

Қазір мұндай азаматтардың ісімен құзырлы органдар айналысуда. Өткен жылдың өзінде қайтарымсыз гранттарды өз қажетіне жұмсаған азаматтар жауапқа тартылып, қаражат қайта қазынаға қайтарылған.

Бұрынғы жылдары басқа бір мәселелер болған, қазір кредит пен жаңағыдай той жасау. Құзырлы органдармен бірге былтыр 23 азаматтың ақшасының барлығын мемлекетке қайтарды. Балмаржан Нарбекова, Қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз