Теңіз-Новороссийск құбыры арқылы Қазақстаннан Ресейге мұнай айдау көлемі қысқарды

Каспий құбыр консорциумы Сурет: cpc.ru
"Каспий құбыр консорциумы-Р" (КҚК-Р) баспасөз қызметі Теңіз-Новороссийск құбыры арқылы мұнай айдау көлемінің қысқарғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

РБК мәліметінше, Ресей территориясына шикізат жіберу көлемінің қысқаруына мұнай құбырын жөндеу жұмыстары және осыған байланысты Қашаған кен орнында мұнай өндірісінің тоқтатылуы себеп.

Бұл факторлар Теңіз – Новороссийск құбыр жүйесі арқылы мұнай айдаудың көлемінің айтарлықтай төмендеуіне әкеләп соқты, - деді консорциумның баспасөз қызметі.

КҚК-нің ең ірі серіктестері компанияның 24% акциясына иелік ететін "Транснефть" және бағалы қағаздардың 19% тиесілі "ҚазМұнайГаз" АҚ болып табылады.

Теңіз – Новороссийск мұнай құбырының ұзындығы 1511 шақырымды құрайды.

Ол бойынша Қазақстанның барлық экспортқа жөнелтілетін мұнайының үштен екісінен астамы тасымалданады, сондай-ақ Ресей кен орындарынан да, оның ішінде Каспийден шикізат жеткізіледі.

Шілде айының басында Новороссийск өңіріндегі Приморский аудандық соты экологиялық бұзушылықтарға байланысты КҚК (Ресей мен Қазақстанның да үлесі бар компания) қызметін тоқтатты.

Кейін ҚР Энергетика министрлігі жұмыс штаттық режимде жүргізіліп жатқанын, аталған мәселе шешімін тапқанын мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз