Еуразиялық одаққа қантты бажсыз тасымалдау квотасы жыл соңына дейін ұзартылды

Квота Сурет: freepik
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Еуразиялық одаққа қантты бажсыз тасымалдауға арналған квотаны 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін бұл квота 2022 жылдың 31 қазанына дейін қолданыста болатыны айтылған.

ЕАЭО елдеріне шикі қант пен ақ қантты әкелуге тарифтік жеңілдік енгізу туралы шешім өткен жылдың желтоқсанында одақ елдерінде қант тапшылығының алдын алуға және нарықтағы бағаға қатысты туындаған жағдайды тұрақтандыруға байланысты қабылданды.

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов түсіндіріп өткендей, бұл шара ішкі нарыққа импорт түрінде жететін қант бағасының төмен болуына мүмкіндік береді.

Қазақстанға тиесілі квота 350 мың тонна ақ қант пен шикі құрақ қантын құрайды. Алайда үкімет бұл квота көлемін де ұлғайту бойынша келіссөздер жүргізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз