Жаңалықтар тізбегі
0

Украинадан ауылшаруашылығы өнімдерін тиеген тағы төрт кеме жолға шығады

Украинадағы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2022 10:44 Сурет: pixabay
Келесі аптада Оңтүстік портынан Украинаның ауылшаруашылық өнімдері экспортқа жөнелтіле бастайды. Үш порттан тұратын дәліз бір ай ішінде 3 млн тонна украин агроөнімін экспорттауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тағы төрт кеме порттан алыс сапарға аттануға рұқсат алды, деп хабарлады Түркия Қорғаныс министрлігі. Біреуі Одессадан, үшеуі Қара теңізден шығады, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Кемелер Украина порттарынан 7 тамызда шығады деп жоспарланған. Рұқсат алған төрт кеме: 66 мың тонна жүгері тиеген MV GLORY Ыстамбұлға, 45 мың тонна ұны бар MV STAR HELENA – Қытайға, 44 мың тонна жүгері тиеген MV RIVA WIND – Түркияның оңтүстігіндегі Ескендірге, ал 6 мың тонна күнбағыс майы бар MV MUSTAFA NECATI Италияның Монополи портына аттанады.

22 шілдеде Ыстмабұлда БҰҰ мен Түркияның делдалдық танытуының арқасында Ресей мен Украина арасында келісімге қол қойылды, оның мақсаты Украина порттарындағы блокада күшін жою және астық экспорты үшін дәліз ашу болды. Экспорт үш портты қамтиды: Одесса, Қара теңіз және Оңтүстік.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: