Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда колония аумағынан есірткі салынған түйіншек табылды

Колония аумағы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2022 11:56 Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Белгісіз біреулер тыйым салынған заттар толтырылған түйіншекті Нұр-Сұлтан қаласындағы түзеу мекемесінің аумағына лақтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түзеу мекемесі қызметкерлері сотталғандардың бірінің әрекеті күдік туғызғандықтан, колония аумағын шолып шығуды жөн деп шешкен.

Оқиға елорданың колонияларының бірінде болды. Серуендеу кезінде сотталғандардың бірі серуендеу ауласынан шығып кеткен. Оны колония қызметкерлері ұстады. Сотталушының әрекетін анықтау үшін қызметкерлер колония аумағын тексерді. Тексеру барысында учаскелердің бірінде скотчпен оралған түйіншек табылды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Баспасөз қызметінің мәліметінше, түйіншекте тыйым салынған заттар болған: ақ түсті ұсақ кристалл тәрізді заты бар қара таспамен оралған түйіншек, сұр-жасыл түсті ұнтақ тәрізді заты бар полиэтилен түйіншегі, белгісіз сұйықтығы бар пластик ыдыс.

Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді, аталған факті бойынша тексеру амалдары қолға алынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: