Жаңа оқу жылында 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж болады деп болжанды

студент Сурет: unsplash
Ең үлкен қажеттілік Алматы мен Нұр-Сұлтанда байқалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 15 122 төсек-орын, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 4 500, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 4 000, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 3 000, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-5 000 төсек-орынға деген қажеттілік бар.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жатақханалардағы орындардың жетіспеушілігіне, сонымен қатар жалға берілетін тұрғын үйдің қымбаттауы да әсер етуі мүмкін. Теміржол көлігі мен авиаұшуларға билеттердің қымбаттауы және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы болып жатқанын атап өткім келеді. Бұл кешенді мәселе және оны шешу үшін жергілікті атқарушы органдарға ЖОО білім алушылары үшін қонақ үйлер мен хостелдерде тұру бағаларын реттеуді пысықтауды сұраймыз, – делінген министрлік хабарламасында. Саясат Нұрбек

Сонымен қатар министр ҚР Индустирия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан темір жолы» АА-мен бірлесіп, темір жол және авиакөлікпен жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша рейстерді қосу және билеттердің бағасын реттеу жөніндегі мәселені пысықтау туралы ұсыныс енгізетінін айтты. Жергілікті атқарушы органдар мен ЖОО ректорлары КВИ ауруларының өршуі кезінде іс-қимыл жоспарын (алгоритмін) әзірлеуі және тиісті өңірдегі ахуал нашарлаған жағдайда жедел шаралар қабылдаулары қажет.

Қорытындылай келе, оқу жылына дайындық шеңберінде ЖОО ректорларымен бірқатар кеңестер өткізіліп, жатақханаларда орындармен қамтамасыз ету және жалға берілетін тұрғын үй, хостел және басқа да балама шаралар бойынша шаралар қабылдауға тапсырмалар берілгенін атап өткім келеді. Министрлік бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыратын болады.Саясат Нұрбек
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз