Майкл Джорданның жейдесі аукционға қойылды

Аты аңызға айналған баскетболшы Майкл Джорданның «Чикаго Буллз» командасында киген жейдесі аукционға қойылды. 23 деген нөмірі бар жейде бәссаудада 5 миллион долларға сатылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атақты спортшы бұл киіммен 1998 жылы НБА-ның соңғы ойындарында өнер көрсеткен болатын, делінген «Хабар 24» таратқан ақпаратта.
Дәл сол жылы баскетболшы финалдың ең үздік ойыншысы атанған еді.
Сотбис аукцион үйі өкілдерінің айтуынша, №23 жейде бәссаудада 5 миллион долларға сатылуы мүмкін.
Бөлісу
0
Толық оқу