Тоқаев: Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ

Тоқаев халыққа жолдау жолдады Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Мемлекет басшысы

Президенттің сөзінше, біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз.

Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ, оны шешудің нақты жолдары бар. Біздің экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты өзгеріссіз қалады – азаматтарымыздың әл-ауқатының сапалы және инклюзивті өсуі. Президент

Жаңа экономикалық бағыттың басымдықтары мыналар болады:

  • жеке кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру, яғни мемлекеттік капитализмнен және экономикаға мемлекеттің шектен тыс араласуынан бас тарту;

  • бәсекелестікті дамыту, яғни барлығына тең мүмкіндіктер беру;

  • әрине, ұлттық табысты әділ бөлу

Бағаны әкімшілік реттеу бүкіл салалардың инвестициялық тартымдылығын төмендетеді, тауар тапшылығына және импортқа тәуелділікке әкеледі. Сондықтан баға белгілеуге мемлекеттің араласуын кезең-кезеңімен алып тастау қажет. Ерекшелік бәсекеге қабілетті емес нарықтар болады - монополистердің тарифтері қатаң бақылауда қалады. Бірақ бақылау қысым дегенді білдірмейді. Мемлекет басшысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз