Қостанай облысында төтенше жағдай режимін жариялау мәселесі пысықталуда

Төтенше жағдай Сурет: Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Әкімдік жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режиімін жариялау мәселесін пысықтау үстінде, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, 4 қыркүйекте Қостанай облысы Әулиекөл ауданының аумағында 28 градусқа дейінгі жоғары температура сақталады, желдің жылдамдығы секундына 9 метрге дейін сақталады.

Жедел штаб мәліметтері:

2 қыркүйекте сағат 15: 10-да Басаман ОШ территориясында (Кондратьев орманшылығы, 4-6, 8-10, 15-17, 22,23,31,32 кварталдары), Семиозерное ОШ (Калинин орманшылығы, 92, 93, 110) ағаштар (көктерек, қарағай) және құрғақ шөптер өртенді.

3 қыркүйек күні метеорологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты, атап айтқанда, сынап бағаны 36 градусқа көтеріліп, желдің екпіні 23 метрге дейін артып, оттың қаулауы салдарынан өрт аумағы 9 400 гектардан асты (Әулиекөл ауданындағы орман алқабының жалпы ауданы - 40 000 га).

​Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елді мекендеріне қауіп төнді.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Озерное ауылынан (250 адам) және Аманқарағай ауылынан солтүстік бөлігінен (1000 адам), Калинино ауылынан (228 адам), Лесное ауылынан (363 адам) жалпы барлығы 1841 адам эвакуацияланды.

Төтенше жағдай

Сурет: Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланған адамдарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастыруды ұйымдастырды.

ТЖ министрлігі мен ТЖ департаментінде жедел желі ашылды, психологтардың жұмысы ұйымдастырылды.

Қостанай облысындағы өрт

Сурет: Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қостанай облысының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтауда.

3 қыркүйек күні сағат 16.00-ден бастап Озерное (8 тұрғын үй, 1 әкімшілік ғимарат), Лесное (1 тұрғын үй), Аманқарағай ауылдары (98 тұрғын үй және шаруашылық құрылыстар), Аманқарағай мұнай базасының аумағына өрттің ұласуы тіркелді, салдарынан өрт 108 құрылысты жойып, зақымдады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз