Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапарын кеңінен қамтыған видео жарияланды

БАҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2022 22:49 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйектен бастап Қостанай облысына жұмыс сапарымен жүр. Президент өрт аймағындағы төтенше жағдай бойынша есепті тыңдап, өрт апатынан зардап шеккен жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" телеарнасының тілшілері "President" арнайы жобасында Мемлекет басшысының өңірдегі сапарынан видео шолу жариялады.

Өрт 2 қыркүйекте Қостанай облысының екі орман аумағында тұтанып, басталды. Келесі күні, 3 қыркүйекте Әулиекөл ауданында өртке байланысты бірнеше ауыл адамдары эвакуацияланды. 4 қыркүйекте өрт аумағы 43 мың гектардан асты.

5 қыркүйекте жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, Президент Қостанай облысына келді. Ол табиғи өрттерден зардап шеккен аумақтарды аралап, өртті жою жұмыстарының барысын бағалады.

Мемлекет басшысы ТЖМ Юрий Ильин мен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің өртті ауыздықтау, елді мекендердегі азаматтарды эвакуациялау және зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндамаларын тыңдады.

Президент өңірдегі ахуалдың бақылауда екенін айтты. Табиғи апатты жою үшін барлық қажетті шаралар қабылданған.

Қасым-Жомарт Тоқаев болған жағдайдан тиісті сабақ алу қажет екенін атап өтіп, өртті толық әрі жылдам ауыздықтау үшін шұғыл әрекет ету штабына барлық ведомствоның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Президент үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған адамдарға толыққанды қолдау көрсетудің маңызды екенін атап өтті. Үкімет пен Қостанай облысының әкімдігіне зардап шеккен тұрғындарға шұғыл түрде өтемақы төлеу мәселесін қамтамасыз ету тапсырылды.

Президент Төтенше жағдайлар министрлігін ведомство қызметкерлерінің әлеуметтік, соның ішінде тұрғын үйге және жатақханаға қатысты мәселелерін шешуге және қамтамасыз етуге, сондай-ақ кәсіби кадрлардың дайындық деңгейін арттыруға қабілетті институт ретінде айтарлықтай күшейту қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамымен, сондай-ақ өртті ауыздықтауға тартылған еріктілермен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайды жоюға атсалысқан барлық азаматтың жасаған ерлігі үшін алғыс білдіріп, олар наградалар мен сыйлықтарға ұсынылатынын айтты.

Президент материалдық үлес жағдайын жақсарту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және кадрлар дайындау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылданатынын жеткізді.

Сондай-ақ Тоқаев бюрократтық былық-шылықтың кесірінен баспанасынан айырылған Қостанай облысы тұрғынына мәселесін бір жақты етуге уәде берді.

Өңірдегі өртке қатысты туындаған барлық мәселе Президенттің жеке бақылауына алынған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: