Маңғыстау облысында 10 бала туберкулезге шалдыққан

Маңғыстауда ауру балалар көбейді Сурет: gov.kz
Жыл басынан бері Маңғыстау облысында туберкулездің 222 жағдайы тіркелді, оның 10-ы – балалар. 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіш 29,3%-ды құрап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Былтыр ауру фактілері 11 жағдайға кем болса керек.

Туберкулез - микобактериялар тудыратын және науқас адамнан сау адамға сөйлесу, жөтелу және түшкіру кезінде ауа арқылы берілетін жұқпалы инфекциялық ауру.

Аурудың алдын алу жолдары: салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, дене шынықтыру, үй ішін тазалықта сақтау, желдету, үй жануарларын баптап ұстау, жеке бас гигиена қағидаларын сақтау.

Туберкулезге қарсы күрестің басты тәсілдерінің бірі – вакцинация. Екпе дені сау нәрестеге алғашқы төрт күнде егіледі. Екінші екпе 6 жаста, бірінші сыныпта жасалады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Мамандар ата-аналарға Манту сынамасы екпе емес екендігін қаперге салады. Ол – туберкулезді ерте анықтауға арналған диагностикалық тест. Осылайша, БЦЖ ревакцинациясы Манту сынамасы теріс нәтиже көрсеткен жағдайда ғана жүргізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз