Алматыда коммуналдық қызмет тарифі 2023 жылдан бастап жаңа әдіспен есептеледі

коммунал қызметтер Сурет: pexels
2023 жылдың соңына қарай Алматыда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа жаңа тарифтік саясат енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тарифтер 2025 жылға қарай "үлкен тұтыну = қымбатырақ тариф" тарифтік саясатына көшумен "инвестицияға айырбасталатын тарифтер" қағидаты бойынша әзірленетін болады.

Бұл инженерлік желілерді ұстауға көбірек қаражат жинауға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, инвестицияның қайтарылуын қамтамасыз етуге және коммуналдық қызметтердің рентабельділігін төмендетуге мүмкіндік береді, - делінген Алматы қаласын дамыту бағдарламасында.

Сонымен бірге жаңа тарифтер халық арасында ұқыпты тұтыну және энергияны үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталады.

Бағдарламада атап өтілгендей, бұл ретте халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін тікелей атаулы көмек шеңберінде коммуналдық қызметтерді төлеуге кеткен шығындарды өтеу қарастырылған.

Көрсетілген қызметтер үшін ақы алудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында "Алматы-Smart city" тұжырымдамасы аясында есепке алу жүйесін автоматтандыру, негізгі коммуналдық кәсіпорындардың барлық есепке алу құралына датчиктерді орнату қамтамасыз етіледі, - делінген қаланы дамыту бағдарламасында.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың профилактикалық жөндеу жұмысын жүргізу, қашықтықтан диагностикалау және энергия тиімділігін арттыру үшін интернет заттары әдістемесі енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз