Жаңалықтар тізбегі
0

Бейбітшілікті сақтауға және өркениетаралық диалогты нығайтуға бәріміз мүдделіміз – президент

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2022 11:33 Сурет: akorda.kz
Нұр-Сұлтанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі болып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та съезге қатысып, форумның барлық қатысушысына өзінің ілтипатын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі дұға жасау үшін бір минуттық үнсіздіктен басталды.

"Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы рөлі" атты пленарлық отырысты ашқан мемлекет басшысы Қазақстан үшін әлемнің ең құрметті рухани көшбасшыларын бірге жинап, диалог орнату үлкен құрмет екенін айтты.

Президент өз сөзінде әлемдегі ең беделді рухани көшбасшылардың басын қосып, диалог құру еліміз үшін зор мәртебе екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Ватикан мен Католик шіркеуінің басшысы Рим Папасы Францискке, ең көне Әл-Азһар ислам университетінің Жоғарғы имамы Шейх Ахмад ат-Тайебке, Орыс православ шіркеуінің өкілдеріне, Израильдің Бас ашкеназ раввині Давид Лауға, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосифке және форумның барлық қатысушысына өзінің ілтипатын білдірді.

Біздің шақыруымызды қабыл алып, Қазақстанға келгендеріңіз үшін бәріңізге алғыс айтамын. Бұл бейбітшілікті сақтауға және өркениетаралық диалогты нығайтуға бәріміздің мүдделі екенімізді көрсетеді. Өзгеріске толы әрі белгісіздік белең алған қазіргі заманда бүгінгі басқосудың айрықша мәні бар. Біздің съезд өркениетаралық диалог орнататын жаһандық деңгейдегі алқалы жиынға айналды. Мемлекет басшысы

Тоқаевтың айтуынша, бұл форумды өткізуге Қазақстанның бастамашылық етуі бекер емес. Себебі қазақ жері ғасырлар бойы Батыс пен Шығыстың арасындағы көпір болып келеді.

Осында, яғни Ұлы дала төрінде небір алып көшпелі империялар өмір сүрген. Діни ұстам – олардың бәріне ортақ сипат, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: