Қазақстанда ЖЖҚС-та дизель отынын сатуды есепке алудың ақпараттық жүйесі іске қосылды

Баға Сурет: Zakon.kz
15 қыркүйекте Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алудың ақпараттық жүйесінің базасында сараланған бағалар бойынша дизель отынын жіберу үшін тұтынушылар деректерін верификациялау бойынша модуль іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ақпараттық жүйенің функционалы нақты уақыт режимінде елдің жанар-жағармай құю станцияларына (ЖЖҚС) ЖЖҚС-та 1 литр үшін 230-260 теңгеден (өңірге байланысты) сатылатын дизель отынының тәуліктік көлемін қадағалауға мүмкіндік береді. 

Сервис бюджет қаражатының шығынысыз әзірленген және Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің және Мемлекеттік кредиттік бюроның деректер базасынан құжаттарды тексеруді көздейді. ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

22 тамызда ҚР Энергетика министрлігі мүмкін нұсқалардың бірі ретінде 2019 жылы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алудың ақпараттық жүйесі» қарастырылып жатқанын хабарлаған болатын, ақпараттық жүйенің операторы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ("ҰАТ" АҚ) болып табылады. 

Қазіргі уақытта келіп түскен өтініштерге сәйкес "ҰАТ" АҚ елдегі 2 мың ЖЖҚС үшін логиндер мен парольдер ұсынды, оның ішінде 271 ЖЖҚС жүйені іс жүзінде қолдана бастады, яғни жүйе іске қосылғаннан кейін бірден пайдаланушылар ретінде «кірген», жалпы ел бойынша ЖЖҚС-тарда 2 365 сату жүргізілді. 

Сондай-ақ ЖЖҚС операторларына жүйемен жұмыс бойынша жедел консультативтік көмек көрсету үшін ҚР Энергетика министрлігі тарапынан техникалық қолдау орталығы іске қосылды.

 

ҚР Энергетика министрлігі "ҰАТ" АҚ-мен бірлесіп, Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алудың ақпараттық жүйесін ЖЖҚС, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерімен және өзге де ақпараттық жүйелер мен сервистермен интеграциялау жұмыстарын жалғастыратын болады.ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз