Қазақстанда бала төлқұжатына төленетін мемлекеттік баж төмендеуі мүмкін

Парламент мәжілісі, ҚР Ұлттық экономика министрі, паспорт Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстан Республикасы азаматының паспортын бергені үшін мемлекеттік баждың сараланған ставкаларын енгізетін заң жобасын бірінші оқылымда қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай норма "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасында қарастырылған.

Құжатты Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров таныстырды.

Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын бергенi үшiн парақтар санына қарай мемлекеттiк баждың сараланған ставкалары, сондай-ақ балаларға арналған мемлекеттiк бажды екi есеге азайту ұсынылады. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров

Артынша министр кулуарда төлқұжат құныны бет санына қарай өзгеретінін айтты.

Ол беттерге байланысты. Егер біреу 36 беттік құжат алғысы келсе, бір соманы, 24 бет болса, басқа соманы төлейді.Әлібек Қуантиров
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз