Мемлекет Дәулет Шабанбайға қола медаль үшін 65 мың доллар береді

Дәулет Шабанбай және Дәурен Абаев Сурет: gov.kz
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Олимпиада ойындарының жеңімпазы Дәулет Шабанбаймен кездесіп, еркін стильдегі қазақстандық палуанды лайықты марапаты – "Лондон-2012" қола медалімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, Дәулет Шабанбайға 65 000 АҚШ доллары көлемінде мемлекеттік сыйақы төлеу туралы шешім қабылданды. Бұрын ол 10 мың АҚШ долларын алған.

Әділдік салтанат құрып, он жылдан кейін олжа боп оралған қола медаль баршамызға құтты болсын!- деп жазды Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Халықаралық Олимпиада комитеті допинг қолданғаны үшін Өзбекстан чемпионы Артур Таймазов пен Грузия чемпионы Давид Модзманашвилиді Олимпиададан шығару туралы шешім қабылдады. Олимпиада ойындарының жүлделерін қайта бөлу нәтижесінде Дәулет Шабанбай қола медальға ие болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз