Әлихан Смайылов су тасқынына дайындалуды тапсырды

Әлихан Смайылов Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізіп, бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-министр Жол картасының осы жылға арналған іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды аяқтауды жеделдетуді, су басып қалатын қауіпті жерлерді ғимараттар салуға беріп қоймау үшін оларды судан қорғау белдеулеріне уақытылы ауыстыруды қамтамасыз етуді, сонымен қатар тиісті құрылыс нормалары мен ережелерінде жауын-шашын кәріздері жүйелерінің өткізу қабілеті нормаларын қайта қарауды тапсырды.

Келесі көктемде су тасқынына дайын болу үшін қазірден-ақ қомақты қаржы шығынын қажет етпейтін алдын алу жұмысын жүргізу керек. Яғни өзен арналарын, арықтар мен каналдарды, дренаж жүйелерін тазарту, қорғау бөгеттерін салу және гидротехникалық құрылыстарды дайындауға баса назар аудару керек. Жалпы өңір әкімдері су тасқынының зардабын азайту мәселелерін жеке бақылауда ұстауға тиіс, — деді үкімет басшысы.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин биылғы көктемде елді мекендерді су басудың негізгі себебі егістіктерден еріген қар мен жаңбыр суларының мол ағуы екенін айтты. Бұл орайда су тасқынына қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізу арқылы ғана ТЖ туындау тәуекелін төмендетуге болады.

Оның айтуынша, қазір су тасқыны қаупі бар елді мекендердің тізіміне түзету енгізілді. Олардың саны 1 046-ға дейін артты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз