Маңғыстауда алимент төлеуден жалтарған 18 әке сотты болды

Маңғыстау облысының прокуратурасы, алимент Сурет: Zakon.kz
Маңғыстауда жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарған 18 әке сотты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алимент төлемеу үшін олар жұмыс орнын әдейі жасырып, балаларына қамқорлық көрсетуді бұрынғы әйелінің мойнына жүктеген.

Мысалы, алиментті қасақана төлемеген С. есімді азамат үш жыл бойы балаларын асырауға саналы түрде төлем жасамай, оның берешегі 2 млн теңгеден асқан. 2022 жылдың 1 қыркүйегінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен борышкер С. ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша "кінәлі" деп танылды және оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Маңғыстау облысының прокуратурасы

Прокуратураның мәліметінше, тағы 62 борышкерге қатысты әкімшілік істер қозғалды.

Оның ішінде сот 34 адамды қамауға алынып, 28 адамға жалпы сомасы 403 мың теңге айыппұл салынды.Маңғыстау облысының прокуратурасы

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде алимент бойынша 52 млн теңге көлемінде қарыз өтелді.

Облыс прокуроры Құттықов Руфаттың айтуынша, қиын жағдайға тап болған адамдарға мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылады.

Оның айтуынша, осы жылдың өткен кезеңінде алимент бойынша 95 борышкер жұмысқа орналастырылған.

Ажырасу - ата-ана міндеттерін орындамаудың себебі емес, балалар ересектердің қателіктерінен зардап шекпеуі керек, мұны түсінгісі келмейтіндер қатаң жауаптылыққа тартылады.Маңғыстау облысының прокуроры Құттықов Руфат
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз