Шымкенттегі жатақханада студент қайтыс болды

полиция Сурет: polisia.kz
Шымкентте Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 22 қыркүйекке қараған түні жедел жәрдем бригадасынан колледждердің бірінің жатақханасынан 1-курс студенті қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша студенттердің бірі жігіттің кеуде тұсынан, екіншісі иығынан ұрған. Бұны куәгерлер көрген.

Жігіт бірден ауырып, тұра алмай қалды. Студенттер жедел жәрдем шақырғанымен, келген медицина қызметкерлері зардап шегуші жас жігітке көмектесіп үлгермеді, делінген хабарламада.

Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексiнің 106-бабы, 1-бөлімі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бұған дейін 9 қыркүйекте Орал политехникалық колледжінің 3-курс студенті дене шынықтыру сабағында қайтыс болғаны хабарланған еді. Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының хабарлауынша, жас жігіт дене шынықтыру сабағында кенеттен құлап түскен. Ол жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз