Ұлыбритания тақтатас газын өндіруге енгізілген мораторийдің күшін жойды

Ұлыбритания, тақтатас, тақтатас газы Сурет: pixabay
Ұлыбритания үкіметі елдегі энергетикалық дағдарыс жағдайында тақтатас газын өндіруге енгізілген мораторийдің күшін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 22 қыркүйек, бейсенбі күні Корольдіктің бизнес, энергетика және өнеркәсіптік стратегия министрлігі таратқан мәлімдемеде айтылған.

Лицензиялар қазан айының басында беріледі деп жоспарланды, – делінген ақпараттық хабарламада.

Сонымен қатар жаңа кен орындарын игерушілер белгілі бір аумақта мұнай немесе газ өндіру үшін жергілікті билік пен реттеуші органдардан рұқсат алуы керек.

Тыйым салуды алып тастау шешімі Ұлыбританияның энергетикалық қауіпсіздігін нығайту және басқа елдерден энергия импортына тәуелділікті азайту үшін қабылданды, делінген мәлімдемеде.

Сарапшылардың айтуынша, жаңа кен орындарын игеру Ұлыбританиядағы тақтатас газының ресурстары туралы көбірек ақпарат жинауға және процестің қауіпсіздігін арттыру үшін оны өндіру әдісін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз