Оралда 14,5 млн теңгені шетел асырмақ болғандар ұсталды

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, ақша, әуежай Сурет: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі
Орал қаласының әуежайынан декларацияда көрсетілмеген 14,5 миллион теңгені қолма-қол алып кетпек болған шетел азаматы ұсталды. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік жаза қолданылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Он бес миллионға жуық ақшаны 21 қыркүйек күні шетел асырмақ болған.

Ақша Орал – Анталья халықаралық рейсімен кетіп бара жатқан жолаушыдан табылды. Ұстау кезінде 14,5 млн теңге сомасында қолма-қол ақша қаражаты анықталды (бұл ҚР Ұлттық Банкінің 21.09.2022 жылғы бағамы бойынша 30 318 доллар). ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Тәртіп бұзушы осы ақшаны заттарымен бірге полиэтилен пакетке салып жүрген.

Тәртіп бұзушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жазалау шаралары қолданылды.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз