Қазақстандықтар Албанияға визасыз бара алады

ҚР Сыртқы істер министрлігі, визасыз режим, Албания, виза Сурет: Zakon.kz
22 қыркүйек күні Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Теңізге шыға алмайтын дамушы елдер тобы министрлерінің жыл сайынғы кеңесінде сөз сөйледі. Шара БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өтті. Сол күні министр бірқатар келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігі сайтында, Албаниямен келіссөздер қорытындысы бойынша өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойылды.

Оған қоса Доминикан Республикасымен ұлттық төлқұжаттардың, сондай-ақ дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойылғаны хабарланды.

Сондай-ақ Парагваймен дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз