Мемлекеттік кірістер комитеті мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталып қалғанын ескертті

Салық, мұлік салығы, ҚР ҚМ МКК Сурет: freepik
1 қазан күні жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің меншік иелерінің 2021 жылға есептелген мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Салық төлеу мерзімінің аяқталып қалса да, 1,7 млн меншік иесі салық міндеттемесін әлі орындамады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік кірістер комитеті салық заңнамасына сәйкес алдағы салық сомалары бойынша хабарламалар шілде айында меншік иелеріне жіберілгенін атап өтті. Бұдан бөлек "Каспий банк" АҚ мобильді қосымшасын пайдаланушыларына PUSH-хабарламалар жіберілді.

2021 жыл үшін мүлік салығы 3,8 млн салық төлеуші бойынша жалпы сомасы 14,3 млрд теңгеге есептелген. Дегенмен бүгінгі күні шамамен 1,7 млн меншік иесі 5,7 млрд теңге сомасына мүлік салығын төлемеген.

Төленбеген салық сомалары бойынша Алматы қаласының тұрғындары көш бастап тұр (1 379 млн теңге), екінші орында – Шымкент қаласы (1 194 млн теңге), антирейтингтің үштігінде – Астана қаласы (1 094 млн теңге).

Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылдың 2 қазанынан бастап жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламаларды борышкерлерге жіберетінін еске салады.

1 айлық есептік көрсеткіштен астам берешек сомалары бойынша хабарлама табыс етілген соң отыз жұмыс күнінен кейін берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы салық бұйрығы жіберіледі. Бұл салық бұйрығы 5 жұмыс күні өткеннен кейін жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алу үшін беріледі. Бұл ретте, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа шоттарға тыйым салу және шығуға шектеу қоюдан туындаған қолайсыздықтар туралы айтпағанда, салық берешегі сомасының 25%-на дейінгі мөлшерде қосымша төлемді өндіріп алады.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Артық шығындар мен проблемаларды болдырмау үшін Комитет өкілдері мүлік салығын уақытылы төлеуге кеңес берді.

Салықты e-Salyq Azamat және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, "Электрондық үкімет" порталы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің бөлімшеріндегі немесе төлем терминалдарындағы қолма-қол ақша қаражатымен, сондай-ақ банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлеуге болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз