Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс режимі неліктен өзгергені түсіндірілді

ХҚКО Сурет: Zakon.kz
23 қыркүйекте Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысындағы өзгеріс Ресейден азаматтардың келуіне байланысты деп хабарланды. Алайда "Азаматтарға арналған үкімет" жұмыс кестесінің өзгеруіне Қазақстанға шетелдіктердің келуі себеп болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жұмыс күндері мемлекеттік қызметтерді алуға уақыт болмайтындықтан, бізге халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақытын көбейтуді көптен сұрап жүр. Біріншіден, бүгін жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейтін кезекші ХҚКО жұмысын қайта бастадық, ал осы аптадан бастап кезекші Арнайы ХҚО жұмысын қайта бастады."Азаматтарға арналған үкімет" МК қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Нариман Дүйсекеев

Енді қазақстандықтар сенбі күні жүргізуші куәлігін алу, көлік құралдарын тіркеу, сонымен қатар мемлекеттік нөмір беру қызметтеріне жүгіне алады.

Өткен аптада 12 798 шетелдік ЖСН алуға өтініш білдірген. Осы аптада тұтынушылар саны 10 354 болды.

Сонымен бірге Мемлекеттік корпорация қызметкерлері халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы бейнекамералардың жазбаларын қарап, халыққа қызмет көрсету орталықтарында тұтынушылардың шоғырланбағанын анықтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз