Оралда полиция капитаны көлігімен адам қағып, оқиға орнынан ізін суытқан

Қайғылы оқиға Сурет: Zakon.kz
Полиция бұл оқиғаға қатысты қызметтік тергеу тағайындады. Полиция қызметкері мен оның басшыларына қатысты қатаң шаралар қабылдануы ықтимал, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оралда полиция капитаны көлігімен адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы Анықтау басқармасының бастығы Ерлан Жақсыбаев мәлімдеді.

Жол апаты 18 қыркүйекке қараған түні Бауыржан Момышұлы көшесінде орын алған. Ер адам дәрігерлер келгенше оқиға орнында көз жұмды.

Жедел-іздестіру іс-шараларына кірістік. ҚР ҚК-ның 345-бабы, 3-бөлігі - "Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан ЖҚЕ бұзу" және 347-бап - "ЖКО орнынан қашып кету" бойынша сотқа дейінгі тергеу шарасы тіркелді. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, бірақ біз оның жеке басын анықтап, ұстадық. Ол ішкі істер органы қызметкері. Ерлан Жақсыбаев

Полицейдің көлігі айып тұрағына қойылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз