Жаңалықтар тізбегі
0

Жаркент маңынан ішінде қару мен оқ-дәрілері бар оқушы сөмкесі табылды

Жасырулы қару-жарақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2022 13:35 Сурет: polisia.kz
Жаркент маңындағы қараусыз қалған ғимараттан ішінде қару мен оқ-дәрілері бар оқушы сөмкесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арқаға ілетін оқушы сөмкесінен аң аулайтын мылтықтың екі ұңғысы, Retay тапаншасы, сондай-ақ 12 калибрлі төрт патрон шықты.

Ұрлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2022 13:35

Сурет: polisia.kz

Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді.

Жасырулы қару, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2022 13:35

Сурет: polisia.kz

16 қыркүйекте Қонаев қаласының маңындағы құрылыс қалдықтары үйіндісінен теріге оралған төрт тегіс ұңғылы аңшылық мылтық пен 12 калибрлі 22 оқ табылып, тәркіленді.

29 тамызда Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған автомат, гранаталар және басқа да қарулар жасырын орыннан табылды.

Сондай-ақ, 29 тамызда Ақмола облысындағы зираттан да қару-жарақ табылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: