Үшінші мегаполисте "Shymkent Tower" сауда-іскерлік орталығы бой көтермек

Жаңа нысан құрылысы Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімі Мұрат Әйтенов Қонаев даңғылы бойында бой тіктейтін "Shymkent Tower" сауда-іскерлік орталығының құрылысының басталуына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жобаның негізгі инвесторы "САУТС-Ойл" компаниясы, ал құрылысын салушы бас мердігер "Koç Construction".

Алдағы 5 жыл ішінде қалаға 5 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту міндетін қойдық. Ал бүгін Шымкент қаласы үшін бірегей жоба бастау алады. Бастамаға сәттілік тілеймін. Жалпы қазіргі кезде мегаполисте тұрғын үйге деген сұраныс артқан, агломерациясы дамыған шаһарымызға келушілер мен үй алып қоюға ниеттілер көбейген. Сондықтан кәсіпкерлерді Шымкентке инвестиция салуға шақырамын. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов

Арнайы іс-шара

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сейтжанов жаңа нысанның салынуы - экономика мен қала көркіне көрік қосатынына сенім білдіре келе, "Бүгінгі шараға арнайы келіп қатысқаныңыз үшін алғыс білдіремін, құрметті Мұрат Дүйсенбекұлы! Осы күнге дейін әкімдікпен тығыз жұмыс істеп келеміз, алдағы уақытта да қаламыздың дамуы жолында бірге көптеген жобаларды жүзеге асыратын боламыз", - деді.

"Koç Construction" - халықаралық құрылыс саласындағы тәжірибелі компания. Жарты ғасырлық тарихы бар. 1959 жылдан бері 3 материкте құрылыс салып, әлемнің 9 елінде ірі-ірі жобалардың жүзеге асуына атсалысқан.

Солардың бірі - көрші Өзбекстан елінің ең маңызды жобасы саналған “Ташкент Сити” құрылысының негізгі басым бөлігін жүргізіп, қазіргі таңда 3,5 млн 2 мың шамасындағы нысанның құрылысын салуда. Сонымен қоса «Hilton» қонақ үйінің құрылысын да аталмыш компания жүргізген.

Арнайы іс-шара

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұдан басқа да жетістіктерін айтып өткен компания директоры Омер Сарикоч “Орта Азиядағы аумағы ең үлкен болып табылатын бауырлас еліміз - Қазақстанда алғашқы инвестициялауды миллионды қала - Шымкенттен бастағанымызға өте қуаныштымыз. Бұл ғимарат прогрестің, дамудың, яғни алға қарай ұмтылудың негізгі символы болады. Шым шаһарға алдағы уақытта да басқа салалар бойынша инвестиция салуға дайынбыз” - деп атап өтті.

Shymkent Tower сауда-іскерлік орталығы

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы, Шымкент қаласы 2020 жылы негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемінің өсу көрсеткіші бойынша республикада екінші орында болған болса, 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан өңірлерінің рейтингісінде тұрақты түрде көш бастап келеді.

Айта кетсек, "Shymkent Tower" сауда-іскерлік орталығын салу барысында 200 тұрақты және 1250 уақытша жұмыс орны ашылмақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз