Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жол апаты орын алып, мотоцикл жүргізушісі мерт болды

Қайғылы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2022 17:50 Сурет: Zakon.kz
Ер адам жедел жәрдем көлігі келіп жеткенше көз жұмды. Полицейлер жантүршігерлік жол апатының себептері мен мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы жол апаты Халиуллин мен Набережная көшелерінің қиылысында орын алды.

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2022 17:50

Сурет: Zakon.kz

Honda және Yamaha мотоцикліндегілер Халиуллин көшесі бойымен бір-біріне қарсы бағытта жүріп келе жатқан.

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2022 17:50

Сурет: Zakon.kz

Yamaha мотоциклінің жүргізушісінің айтуынша, Honda-дағы ер адам күтпеген жерден қарсы жолаққа шығып кеткен, содан кейін ол бір бүйіріне қисая құлаған. Мотоциклмен қоса Honda жүргізушісі де жолға ұшып түскен.

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2022 17:50

Сурет: Zakon.kz

Апат салдарынан Honda-дағы ер адам дәрігерлер келгенше оқиға орнында мерт болды. Полицейлер ер адамның өлімінің себебін анықтап жатыр: жол апаты кезінде тас жолға ұшып түсіп, жазатайым оқиға орын алды ма, әлде Yamaha жүргізушісінің соқтығысуынан болды ма деген тұрғыда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: