Жаңалықтар тізбегі
0

Пәтер иесі жалдау ақысын қандай жағдайда және жылына неше рет көтере алады

Пәтер, жалға беруші, пәтер жалдаушы, жалға берілетін пәтер, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2022 10:58 Сурет: Zakon.kz
Заңгер Максим Баженов пәтердің жалдау ақысын көтеру, жалдау шарттарын бұзу және жалға алушыларды үйден шығару сияқты мәселелердің негізгі құқықтық аспектілері жөнінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңгердің айтуынша, бұл мәселелерде көп нәрсе белгілі бір келісімшарттың талаптарына байланысты. Егер жеке тұлға басқа жеке тұлғадан жазбаша жалдау шартынсыз пәтерді бір жылға дейін жалға алса, бұл "олардың арасында келісім шарт жасалмады" дегенді білдірмейді.

Бұл ретте тараптар жалдау шартын жазбаша емес, ауызша түрде жасады. Сондықтан тараптарға заңның барлық ережесі қолданылады. Максим Баженов

Пәтерді жалға алу ақысын өсіру

Заңгер атап өткендей, жалға алушы тараптардың бұрын келіскен сомасында жалдау ақысын төлеуге міндетті.

Пәтердің иесі, егер шартта басқаша жазылмаса, жалдау ақысын жылына бір реттен жиі емес көтеруге (немесе азайтуға) құқылы. Сонымен қатар сот тәжірибесі көрсеткендей, мұндай өсім жалға алушыны жай ғана хабардар ету арқылы емес, қосымша келісімге қол қою арқылы болуы керек. Максим Баженов

Оның айтуынша, егер жалға алушы жалдау ақысының көтерілуіне келіспей, қосымша келісімге қол қоюдан бас тартса, онда дау сот арқылы шешіледі.

Бұл жағдайда сот шешімінсіз жалдау ақысын көтеруді талап ету заңға қайшы.Максим Баженов

Жалдау шартын бұзу

Сарапшы атап өткендей, жалдау шарты тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен бұзылуы мүмкін.

Бұл ретте заң белгілі бір негіздерді белгілейді, қандай да бір негіз пайда болғанда, жалға берушіге шартты бұзуды талап етуге мүмкіндік береді (шартта қосымша негіздер де көзделуі мүмкін). Максим Баженов

Ол жалға берушіге келісім-шартты бұзуға мүмкіндік беретін негізгі негіздерді атады:

  • жалға алушы жалға берушінің жазбаша ескертуіне қарамастан, шарт талаптарын елеулі түрде бұзса;

  • жалға алушы әдейі немесе абайсызда жалға алынған пәтерді бүлдірсе;

  • жалға алушы жалдау ақысын төлеу мерзімін екі реттен артық бұзса.

Егер мұндай негіздер болмаса, онда жалға берушінің шартты бұзу туралы талабы негізсіз болып саналады. Ол тек келісім-шарттан бас тарта алады, бірақ бұл жағдайда ол жалға алушыны үш ай бұрын хабардар етуге міндетті. Максим Баженов

Жалға алушыларды пәтерден шығару

Заңгер пәтерден шығаруға тек сот шешімімен ғана жол берілетінін айтты

Пәтер иесінің жалға алушыларды шығаруға өз бетінше әрекет жасауын "озбырлық" деп санауға болады және бұл үшін қылмыстық жауапкершілік туындауы мүмкін. Максим Баженов

Ол сондай-ақ қиын кезеңдер негізсіз пайда табуға себеп болмауы керек екенін атап өтті.

Айта кету керек, жылжымайтын мүлікті жалға беру міндетті түрде тіркелу керек, өйткені бұл салық салуға жататын кәсіпкерлік қызмет болып саналады.

Алматыда соңғы кезде жалға алу бағасы 62,5 пайызға өсті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: