Жаңалықтар тізбегі
0

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміздің жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2022 19:17 Сурет: pixabay
Еліміздің бірқатар аймағында дауыл ескерту жарияланды. Бұл мәліметпен "Қазгидромет" РМК бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын түседі. Петропавлда күн жауын-шашынды болады деп күтіледі.

Түркістан облысының да басым бөлігінде 27-28 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

27 қыркүйекте Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Синоптиктер Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында батыстан, солтүстік-батыстан 16 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжап отыр.

29 қыркүйекте Абай облысында қар аралас жаңбыр жауады. Облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, сынап бағаны күрт төмендейді: түнде 0...+5-ге дейін, облыстың солтүстігінде -3°C, күндіз +2...+ 7°C.

28-29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын болуы мүмкін. 29 қыркүйекте облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Түнде сынап бағаны күрт төмендейді: 0...+5°C-ге дейін, облыстың солтүстігінде, шығысында -5°C, күндіз +2...+ 7°C-ге дейін.

27 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстік-батысында күндіз жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы ықтимал. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде батыстан, солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Астанада – батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: