Тараздағы оқушы өліміне қатысты тағы бір болжам айтылды

Тараз, оқушы өлімі Сурет: Zakon.kz
26 қыркүйекте Таразда 12-қабаттан секіріп кеткен 9-сынып оқушысы жер қойнына тапсырылды. Туыстары мен достары 14 жастағы жасөспірімді мұндай қадамға не итермелегенін әлі түсінбей отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте күндіз болған. Белгілі болғандай, жасөспірім 12-қабаттың балконына шығып, сол жерде біраз уақыт отырып, гитара тартып, музыка тыңдаған, деп мәлімдеді КТК .

Хатты да сол жерде отырып жазған болуы керек. Онда жасөспірім отбасы мен сүйіктісінен кешірім сұраған.

Қазір полицейлер болған оқиғаның барлық ықтимал нұсқаларын қарастырып жатыр. «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жасөспірім мектеп басшылары тарапынан жасалған қысымға шыдай алмады деген де болжамдар айтылады. Басшылыққа, сыныптастарының айтуынша, баланың ұзын шашы ұнамаған. Бірақ мектеп бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Тараз қаласы №24 мектеп-гимназиясы директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Оксана Бояринованың айтуынша, оқушы таңертең сабаққа келмеген, олар оны іздеген. Кейін ол мектепке келгенде қобалжып тұрғандай болған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз