Ресейліктер Грузияға да жаппай ағылып жатыр

Көші-қон мәселесі Сурет: pixabay
Грузияның ішкі істер министрі Вахтанг Гомелаури күн сайын 10 мыңға жуық ресейлік шекараны басып өтетінін айтады. Бұл - Ресейде ішінара мобилизация жарияланғанға дейінгімен салыстырғанда шамамен 45%-ға көп көлем, деп хабарлайды Zakon.kz.

Грузия ішкі істер министрі Вахтанг Гомелауридің мәлімдеуінше, Ресеймен арадағы ел шекарасын жабуға ешқандай негізі жоқ, деп жазады Deutsche Welle.

Ресей азаматтары бірнеше жылдар бойы Грузияға келіп-кетіп жүр, сондықтан бүгіндері біз бұл процеске тежеу болмаймыз. Вахтанг Гомелаури

Үкімет шекаралық бақылау-өткізу бекеттеріндегі бақылауды күшейту жөнінде шаралар қолданады.

Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 2022 жылдың тоғыз айында елге 1,7 млн, ал 2018 және 2019 жылдары 3 миллионға жуық ресейлік келгенін мәлімдеген болатын.

21 қыркүйектен бастап Қазақстанға 98 мыңға жуық Ресей азаматы келсе, 64 мыңнан астамы, керісінше елден кеткен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз