Жаңалықтар тізбегі
0

"Бәйтерек" холдингінің басшысы БАӘ Орталық банкінің төрағасымен кездесті

Кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2022 19:48 Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Біріккен Араб Әмірліктері Орталық банкінің төрағасы Ұлы Мәртебелі Халед Мохамед Баламаның басшылығымен Қазақстанға келген БАӘ делегациясымен кездесу өткізді.

Екі елдің қаржы саласындағы, оның ішінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастығының келешегі кездесудің басты тақырыбы болды.

Инвестиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2022 19:48

Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

БАӘ делегациясының құрамында Әмірліктердің Орталық банкінің өкілдерімен қоса, мемлекеттік холдингтік компания Mubadala Investment Company және егеменді қор Abu Dhabi Developmental Company өкілдері болды.

Кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2022 19:48

Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

Айта кетейік, "Бәйтерек" холдингі мен оның еншілес компанияларының Әмірліктердің мемлекеттік және жеке компанияларымен бірлесіп жұмыс істеуде тәжірибесі мол. Мысалы, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Falah Growth Fund, Kazakhstan Infrastructure Fund C.V. және Abu Dhabi Development Holding Company бірлескен қорлары арқылы Mubadala Investment Company-мен қарым-қатынас орнатқан. Сондай-ақ, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ мен "KazakhExport" ЭСК" АҚ-да БАӘ капиталы қатысатын бірнеше жобалар қаралуда.

Қаржы институты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2022 19:48

Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қаржы институттары арасындағы ынтымақтастық екі елдің экономикасы үшін аса маңызды екендігін атап өтті.

БАӘ-ның Орталық банк басшысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2022 19:48

Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: