Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш Қазақстанға алғысын білдірді

Димаш, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2022 10:56 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Димаш Қазақстанға алғыс айтып, әлеуметтік желіде елден ұшып бара жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Туған жерім Қазақстанға тағы да рақмет. Біз қазір Дубайдағы Fashion factor сән байқауына ұшып жатырмыз. Мен онда қазылар алқасының мүшесі боламын. Күндеріңіз сәтті өтсін, - деп жазды Димаш өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Әнші бұдан бұрын да Алматыдағы концерті үшін алғысын айтқан еді:

  • Рақмет, Алматы. Баршаңызға ықылас, ниеттеріңіз үшін көп рақмет. Менің командама, сонымен қатар сахнаны жарықтандырған @maxi_style_ компаниясына, техникалық директоры Нұрсұлтан Тілепқалиев бауырыма, @zhanibek_soltanay досым бастаған еріктілер тобына мың алғыс!

  • @llightproduction Ғалым Асылов ағамның қазағымыздың ұлттық аспаптарының тарихын видео арқылы ерекше әдемі жеткізген өнері үшін үлкен құрметімді білдіремін!

  • Іс-шараның қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Алматы қалалық құқық қорғау органдарына, төтенше жағдайлардың алдын алу мекемелерінің қызметкерлеріне, дәрігерлер қауымына және барлық ат салысқан әріптестестерге, серіктестерге, достарға мың алғыс!

25 қыркүйекте Димаш "Бір аспанның хикаясы" әніне түсірілген бейнебаянның тұсауын кесті. Клип соғысқа қарсы сипатта және бірнеше бөлікке бөлінген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: