Маңғыстау мектептерінде 9 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

Маңғыстау облысы, жалған диплом, мектеп, мұғалім Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысындағы мектептерде 9 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген. Бұл туралы Zakon.kz сайтына облыстық прокуратурадан хабарлады.

Мәселен, Қарақия ауданындағы Аққұдық орта мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі жалған дипломмен жұмыс істеген. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі ("Көрінеу жалған құжат пайдалану") бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қарақия ауданының соты оған 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарды.

Ақтау қаласындағы екі мектепте де осындай жайттар анықталды. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдері оқушыларға жалған құжатпен сабақ беріп келген. Сондай-ақ Жаңаөзен қаласындағы үш мектепте де (орыс тілі мұғалімі, бастауыш сынып мұғалімі) заң бұзушылық тіркелді.

Сонымен қатар Мұнайлы ауданындағы екі мектепте және Бейнеу ауданындағы бір мектепте бастауыш сынып мұғалімдері жалған дипломмен жұмыс істеген.

Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз