Жаңалықтар тізбегі
0

60 жасында тіл үйреніп, шетелге кеткен отандасымыз: Ешқашан да кеш емес!

БАҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2022 23:56 Сурет: Zakon.kz
Алпысында ағылшын тілін үйреніп, Аустралияға барып, зейнет жасында шетелде жаңа жұмыс жолын бастаған Алмахан Батырқұлов көпке үлгі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінде 69 жасты  алқымдаған ақсақал Сиднейдің ірі компаниясында ІТ-маман болып жұмыс істейді. Өмір бойы ел ішінде еңбек еткенмен, Алмахан Батырқұлов зейнетке шыққан соң жұбайымен  Аустралияға қоныс аударуға бел буады. Екі қызының сол жақта тұруы бұған түрткі. Алпыстан асқанында ағылшын тілін үйренуге ден қойып, аз  уақытта-ақ меңгерген ақсақал Сиднейдегі ірі компанияға 63 жасында орналасып талайды таң қалдырды. Соңғы алты жыл сол жақта жұмыс істейді. Еңбек демалысында елге оралған Алмахан Батырқұловпен КТК тілшісі  сұхбаттасқан.

Біздің компания CRE конференцзал орнатады, компьютер конференция өткізетін барлығына бақылау жасайды. Одан кейін "блайнтс" дейді, перделерді жауып қояды, пультпен, одан кейін датчиктер болады, желді, барлығын есептеп тұрады. Біз соның бәрін орнатамыз, үлкен қаржы орталығы болсын, жаңадан салынған. Соған құрал-жабдық қоямыз, соның бәріне бақылау жасаймыз. Алмахан Батырқұлов

Бүгінде Аустралияда білікті IT маманы болған Алмахан Батырқұловтың ерік-жігеріне еріксіз бас иесіз. Ә дегеннен жұмыс оңайшылықпен табылмады. Талай іріктеуден өтті. Дегенмен дегеніне жетті. Ол жақтың жұмыс істеу тәсіліне бейімделді. Қазіргі жастарға "ешқашан да кеш емес" деген ақылын айтқысы келеді.

Жастар оқуы керек, тіл білуі шарт. Үш тіл білсе жақсы, қазақ, ағылшын, орыс тілін жас кезінен үйренсе, артықтығы жоқ. Біз, қазақтар, басқа халықтан қалыс қалған емеспіз. Бізде тәртіп те көбірек, сыйласу да көбірек, ондай тіпті Аустралияның өзінде жоқ. Кеңдік, үлкенді-кішілі сыйласымдық, жалпы қазақы менталитетті айтамын.Алмахан Батырқұлов

Алмахан Батырқұлов әлі де ізденіп, жырақта жұмысын жалғастырсам дейді. Ал елде қажет деп тауып жатса, өз білімімен бөлісіп, білгенін үйретуге дайын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: