Қазақстанда ұн бір жылда 40% қымбаттады

ұн Сурет: pixabay
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда ұн бір жылда 41% қымбаттаған. Сонымен қатар биылғы тамыз айының қорытындысы бойынша ұн бағасы бір айда 4,3% өсті. Бұл - 2011 жылдан бері ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар Energyprom.kz зерттеуінде ұн бағасының 2011 жылдан бері рекордтық айлық өсуі 2022 жылдың сәуір және мамыр айларында тіркелгені айтылған. Тиісінше пайыздық көрсеткіші - 7,5%(сәуір) және 6,8%(мамыр).

Сарапшылардың пайымдауынша, ұн бағасының ең жоғары өсуі Павлодар облысында (12,8%) тіркелген. Сонымен бірге бұл тізімде Жетісу (12,4%) және Батыс Қазақстан (11,9%) облыстары бар.

Ұн бағасы ең аз Ақмола (0,3%), Ақтөбе (0,6%) және Солтүстік Қазақстан (0,8%) облыстарында қымбаттады, - делінген 29 қыркүйекте жарияланған хабарламада.

Зерттеуде жеті айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі нарығында ұн сатылуы 21% төмендегені айтылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз