Жаңалықтар тізбегі
0

Баян Алагөзова Бозжырада қалған заттар туралы видеоға түсініктеме берді

Баян, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2022 11:39 Сурет: Instagram/bayanmaxatkyzy
Қазнетте Бозжыра шатқалындағы түсірілім орнының видеосы тарады. Видео авторы "кино түсірілді, ал қоқысы қалды" деп атап, көрсетті. Осыған байланысты продюсер Баян Алагөзова үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram-дағы парақшасында алғашқылардың бірі болып осы видеоны жариялады.

Бозжыра. Ал бұл - заңсыздықтың, табиғатты ластаудың аз ғана бөлігі. Маңғыстаудағы көптеген туристік орындар қараусыз қалып, ластанып жатыр, - делінген 28 қыркүйекте жарияланған видеоның жазбасында.

Мұндай сыннан кейін продюсер Баян Алагөзова видеоүндеу жазды. Ол сөзін"Бозжырдағы жағдайды түсіндіруден шаршадым" деп бастады.

Түсінбей, арандатушы видеоға сеніп жатқандарға түсіндіргім келеді. Ашаршылық туралы фильм әлі түсіріліп, біткен жоқ. 29-ы күні сол жерге оралып, өртеніп кеткен пейзажда түсірілімді жалғастырамыз. Осыдан кейін біз бәрін алып, тазалап кетеміз.Баян Алагөзова

Ол команда ешқашан қоқыс тастамайтынын түсіндірді. "Біз ондай қадамға бармаймыз" деп қосты продюсер.

Мына видеоны таратып, дүрбелең жасамайық. Оның күші жоқ. Бізде барлық рұқсат бар. Мен ұялмаймын. Мен өз жұмысымды жақсы істеймін. Онымен қоймай, түсірілімге дейін басқалар тастап кеткен қоқысты жинадық. Бірақ неге екені белгісіз, оны ешкім айтқан жоқ, – деп түйіндеді сөзін Алагөзова.

Осыдан екі апта бұрын продюсер қазақ халқының қасіреті туралы көркем фильм түсіруге кірісетінін хабарлады.

Аштықтан қырылған миллиондаған адам туралы, Кеңес үкіметінің жауыздығы, ұлттың қалай жойылғаны туралы фильм болады. Өткенін білмегеннің бүгіні жоқ. Әр қазақ өз тарихын білуі керек! – деп жазды ол.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: