Ақтөбе облысында мыңға жуық киік мүйізін сатпақ болған ер адам ұсталды

Ақтөбе, киік, киік мүйізі Сурет: polisia.kz
Ақтөбе облысының полицейлері Самара – Шымкент тас жолында тоқталыған Ваз-2110 көлігінің жүксалғышынан ақбөкен мүйізі бар 7 қорапты анықтады. Иесі оны сатпақ болып болғанын мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, қораптар жолаушыға тиесілі болған.

Қораптарда 765 дана киік мүйізі болды. Сонымен қатар, ер адамның тұрғылықты жерінен тағы 184 киік мүйізі тәркіленді. Барлығы 949 дана киік мүйізі алынды.ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз