Қазақстанда нысандарға атау берудің жаңа ережесі қабылданбақ

Түркістан Сурет: pimeminister.kz
Мәдениет және спорт министрлігі әуежайларға, порттарға, вокзалдарға, метро станцияларына, автовокзалдарға, физикалық-географиялық және басқа да мемлекеттік меншік объектілеріне атау беру қағидаларына түзетулер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, объектілерге жалқы есімдерді беру кезінде қазақ есімдерінің, әкесінің атының, тегін, сонымен қатар дәстүрлі қалыптасқан қазақ есімдерінің емлесі мемлекеттік тілде жазылатыны туралы түзету енгізілді.

Мұндай норма оны "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңның 19 және 20-баптарына және ҚР президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі "Ұлты қазақ адамдардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы" Жарлығына сәйкес келтіру аясында қабылданғаны көрсетілген.

Құжат 13 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

2022 жылғы 8 маусымда мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының кейбір мәселелері туралыә Жарлығы күшіне еніп, жаңадан үш облыс: Абай, Жетісу, Ұлытау құрылды. Қапшағай қаласы Қонаев болып өзгертілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз