Жаңалықтар тізбегі
0

Есірткіге мас күйде көлік жүргізген әнші жауапқа тартылды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2022 16:25 Сурет: Zakon.kz
Алматы Полиция департаментінің Анықтау басқармасында көлік жүргізу куәлігінен айырыла тұра, көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматты былтыр қыркүйек айында мас күйінде көлік жүргізген кезде елордалық полициялар қызметкерлері ұстаған. Сол кезде азамат сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Алайда азамат биыл 6 тамызда тағы да мас күйінде көлік тізгініне отырған. Медициналық тексеру кезінде оның есірткіге мас екені анықталды.

Сол күні азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды және қамауға алынды, – деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

28 қыркүйек Бостандық сотының үкімімен азамат ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру және 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздіктегі бас бостандығынан айыру орындарында өтейді.

Жыл басынан бері анықтаушылар аяқтаған қылмыстық істер бойынша, сот үкімдерімен 95 адам көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылған. Осы ретте, Алматы қалалық ПД, азаматтарды заң бұзбауға шақырып, мұндай құқықтан айырыла тұра, көлік құралын мас күйінде жүргізу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын тағы да ескертеді, – деді Шәріпов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: