Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде ЖСН алу жеңілдеді

ХҚО, Цифрлық даму министрлігі, Бағдат Мусин, ЖСН, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2022 16:43 Сурет: Zakon.kz
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Instagram желісіндегі парақшасында Қазақстан халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы адам нөпірі мәселесін ішінара шешкенін айтты. Мәселен, енді ЖСН SMS арқылы жіберіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр "Жастар" сарайында жедел түрде ашылған Халыққа қызмет көрсету орталығын барып, жағдайды өз көзімен көріп қайтқанын жазды.

Ол Халыққа қызмет көрсету орталығы негізгі орталықтарға түсетін жүктемені азайту үшін ашылғанын айтты.

Қазіргі уақытта өз отандастарымызға бірінші кезекте, кедергісіз, штаттық режимде қызмет көрсетіліп жатқанын атап өткім келеді.ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин

Министрлік басшысының сөзінше, Ресей Федерациясынан келген азаматтар санының көптігінен, операторлар ұзын-сонар кезекте тұрғандарды қабылдап үлгермей жатыр.

Бүгінгі күнге дейін жағдай былай өрбіді: Ресей азаматтары ХҚКО-ға келіп, құжаттарын ұсынады, олардың деректері базаға енгізілгеннен кейін қайтып, екінші күні ЖСН алу үшін ХҚКО-ға қайта барады. Бұл олардың да, ХҚКО операторларының да көп уақытын алады. Сонымен қатар, ғимараттағы адам санының көптігіне себеп болады.Бағдат Мусин

Министрдің айтуынша, енді ЖСН алуға өтініш берген адамдарға екінші рет келудің қажеті жоқ, ЖСН олардың телефон нөміріне 1414 қызметінен СМС-хабарлама түрінде жіберіледі.

Бұл дайын ЖСН алу үшін кезекте тұрған барлық ХҚКО клиенттеріне қатысты. Бұл өз кезегінде адамдардың халыққа қызмет көрсету орталықтарында шоғырланбауының алдын алады. Бүгін біз екінші деңгейлі банктерге ЖСН деректер базасында берілетіні туралы ақпаратты жеткіземіз, нөмірді енгізген кезде кез келген азамат туралы ақпарат автоматты түрде шығады.Бағдат Мусин
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: