Қаржы министрлігі қанша қазақстандық заңды түрде пәтерін жалға беріп жүргенін айтты

Алматы, үйлер, пәтер Сурет: Алматы әкімдігі
ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов баспананы заңды жалға берудің бірнеше нұсқасы бар екенін айтты. Ал Қазақстанда бұл мүмкіндіктерді 200 мыңнан сәл астам ғана жалға беруші пайдаланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ержан Біржановтың айтуынша, бірінші жағдайда пәтерді жалға беру қызметін заңдастыру үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет.

Елімізде олардың 84 мыңнан астамы бар. Олар пәтерді оңайлатылған декларация мен патент арқылы жалға беріп отыр. Пандемия кезінде бұл санат салықтан босатылады деп шешілді. Үш жыл бойы салық төлемеді, бірақ келесі жылдан бастап салық төлеуге мәжбүр болады.Ержан Біржанов

Екінші әдіс – бірыңғай жиынтық төлем арқылы төлеу. Вице-министрдің сөзінше, бұл жағдайда жеке кәсіпкер ретінде тіркелу талап етілмейді. Жалғыз талап – есепті айдың басына дейін облыс орталығында немесе ірі қалаларда тұрғын үй жалға берілсе 1 АЕК, аудан деңгейінде болса 0,5 АЕК төлеу керек.

120 мыңнан астам адам баспанасын осылай жалға береді.

Үшінші жол жеке адамдарға қатысты.

Бұл мемлекеттік қызметшілер де, әскери қызметшілер де болуы мүмкін, олардың жалға беруден түсетін кірісі мүліктік кіріске теңестіріледі. Олар осы кірісті жыл соңында жариялап, жалдау ақысының 10%-ын төлей алады. Олардың шамамен 2 мыңы бар.Ержан Біржанов

Вице-министрдің айтуынша, Ішкі істер министрлігімен келісім бар, олар көші-қонды тексеру аясында пәтерлер бойынша алынған мәліметтерді Қаржы министрлігіне береді. Одан әрі бұл мәліметтерді облыстық мемлекеттік кірістер департаменттеріне беру жоспарланып отыр.

Олар бұл ақпаратты өңдейді және жеке тұлғаларға осы кірістерді декларациялау керек екені туралы хабарламалар береді.Ержан Біржанов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз